Махамбет ауданына қарасты ауылішілік жолдар салынуда(+ВИДЕО)

Талдыкөл және Махамбет ауданындағы Ақтоғай, Бейбарыс, Аққайың ауылдарында ауылішілік жол салынуда.

Құрылыс жұмыстарына "Жұмыспен қамту" бағдарламасы аясында ауыл азаматтары тартылуда" деп хабарлайды, - деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Аудан орталығы Махамбет ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырым жерде орналасқан Талдыкөл ауылында қазір мыңның үстінде тұрғын тұрады. Халық санының артуы себепті ауылда жаңадан көшелер бой көтеруде. Жаңадан инфрақұрылымдар жүргізіліп, газ желісі тартылуда.

Кіре беріс жол құрылысы да биыл басталды. Жол құрылысын жасаушы "Казком сервис" мердігер компаниясының басшысы Нұрлан Қайреденовтің айтуынша, Талдыкөл ауылында жасалынып жатқан жолдың ұзындығы 3 шақырымнан асады.

"Екі жолақты автомобиль жолдарын салу жұмысына "Жұмыспен қамту- 2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында 27 адам жұмысқа тартылды. Құрылысқа қажетті өнімдердің бәрін жергілікті жерден жеткізудеміз" - дейді спикер Нұрлан Қайреденов.

Талдыкөлмен бірге, Махамбет ауданындағы Ақтоғай, Бейбарыс, Аққайың ауылдарында ауылішілік жол салынуда.

Сонымен бірге, Сарайшық, Ортақшыл, Талдыкөл ауылдарына газ тарту жұмыстары жүріп жатыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз