Құдағай жүзік

Жасұлан әжесінің сандығындағы сақинаны тауып, рұқсатсыз оны мектепке әкелді, сол үшін ата-анасынан жазасын алды.

Зергерлік бұйымдар - бұл жәй ғана бұйымдар емес, қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен тарихында ойып тұрып орын алатын, тамыры сонау тереңде жатқан, зор маңызға ие тұтас бір өнер.

Зергерлер бұйым жасауда көбіне алтын және күміс металдарын қолданатын. Күміс ерекше бағаланып, қолданыста болды. Ал алтын мен күміс араластырып жасалған әшекей бұйымдар бағалы саналы, тиісінше бұндай бұйымдарға текті адамдардың қолы жететін. Шеберлер бұл бұйымдарды дайындаудың әртүрлі тәсілдерін қолданды: құйма құйып алу, штамптау, темірге күміс соғу және т.б.

Бүгін мен сіздерге бір жүзіктің пайда болуы мен қандай мақсатта жасалғаны туралы мәліметті айтқым келеді. Құдағай жүзік- бұл екі саусаққа бірден киілетін, жаппай зергерлік бұйым. Жүзіктің сопақ немесе дөңгелек беткейі - отбасы мен оның әл-ауқатының белгісі. Сақинаның екі шеткі жағында тастан немесе әйнектен жасалған орнатпа - екі отбасын білдіреді. Жүзік ортасында орналасқан өрнек– екі жанұяның қосылуының бастамасы. Жүзікті безендіруде тіршілік ұғымын білдіретін, қызыл сердолик тасы жиі қолданылады, ал айналасындағы басқа ою-өрнектер күйеу жігіт пен қалыңдықтың туыстарының жақын құдаңдалы болғанының белгісі.

Қазақтың дәстүрі бойынша құдағай жүзікті қалыңдықтың анасы үйлену тойынан бір жыл өткен соң, күйеу жігіттің анасына тарту еткен. Мұндай бағалы сыйлық келінін өз қызындай жақсы көріп, сыйлаған анаға құда жақтан тарту етілген. Мұндай жүзікті алған құдағи оны мақтанышпен тағып жүрді, бұл оның қамқор және жауапты әйел екенін, құрметке лайық екенінің дәлелі.

Кейбір мәліметтер бойынша, құдағай жүзікті қалыңдықтың анасы үйлену тойында күйеу жігіттің анасына қызымен жақсы қарым-қатынаста болу үшін тарту еткен делінген.

j

«Сарайшық» музей- қорығында орналасқан жүзік - Сарайшық ауылының тұрғыны Маханова Ақбибіге тиесілі. 1980 жылдары оның немересі Жасұлан мектеп мұражайының бұрышына осы құдағай жүзікті алып келді.

Оның айтуынша, мұғалім үйден ескі әженің зергерлік бұйымдарын тауып, мектепке әкелетін оқушыларға тарих сабағынан бес қойып беруге уәде берген. Жасұлан әжесінің сандығындағы сақинаны тауып, рұқсатсыз оны мектепке әкелді, сол үшін ата-анасынан жазасын алды.

Енді осының бәрін еске түсіре отырып, ол күлімсіреп тарих пәнінен бес алу үшін, отбасылық мұраны бергенін айтты. Бірақ ол қазір бұл сақина «Сарайшық» музейінде екеніне қуанышты.

Сауле БЕКЕШОВА,

"Сарайшық "музей – қорығының

жәдігерлермен таныстырушысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT