Қазақ баласын қалай тәрбиелеген?

Бала тәрбиесінде уақыттан ұтылмаған жөн

Қазақ «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп жатады. Өнеге-баланың болашақта кәсіп таңдауына, өмір жолын айқындауына сабақ болады.

Көптеген бала әкесінің кәсібін жалғастырушы болуы, не оның өнерін бойын сіңіре алатындығы сол отбасында көрген-білгенінің әсерінен. «Әке көрген –оқ жонар» дегенді біліп айтқан. Көзбен көріп, бойға сіңетін өнегенің бәрі дұрыс деуге келмейді. Кейде балаға дұрыс тәрбие береміз деп қоғам дәстүріне оғаш, мемлекет заңына қайшы әрекеттерге баратын ата-аналар да бар.

Мәселен, кей ата-аналар баласын өз қалауымызша тәрбиелейміз деген ұстанымды балаларына таңып, ненің не екенін әлі білмейтін бүлдіршіндерін тұмшалап киіндіруін айтар ек. Олар балаларына діни сенімге байланысты киімдер кигізіп қойғысы келеді. Ал мектеп әкімшілігі оқушы формасын талап етеді. Бала тәрбиесіне жауап беретін негізгі тұлға ата-анасы екені рас. Бірақ олар өз балалары оқитын білім ордасының талабына мойынсұнуы тиіс.Еліміздің мектептерінде бекітілген арнаулы киім үлгісі бар. Бұл орынды іс.Киіну мәселесінде ешбір оқушының ұлтына, діни сеніміне қарай киінуіне жол берілмейді. Ал мектептің талабын тыңдағысы келмейтін ата-аналардың әрекеті – балаларының болашақта қоғамдық тәртіпке бағынбай, заң бұзуға бейім болатынын ұқпайтыны өкінішті-ақ. Бұл жақсы емес, әрине.

Жалпы тәртібі нашар,мінезі бұзақылыққа бейім балалардың психологиясын зерттеген психологтардың пікіріне сүйенсек, олардың болмысының солай қалыптасуына отбасылық жанжалдар мен әке-шешенің теріс үлгісінің әсері тиген деп есептейді.Міне, балаларының дұрыс адам болып қалыптасуына қам жейтін ата-аналар алдымен өзін қолға алып,баласына дұрыс үлгі-өнеге көрсетуі тиіс.

Жас ұрпақтың тән саулығы да – басты назарда ұстайтын мәселенің бірі. Өйткені, ұрпағы сау ұлт қана қалыпты дами алады.Тәні саудың жаны сау демей ме. Физикалық жағынан дұрыс дамыған баланың ақыл-есі дұрыс дамитыны, оған мінез бен дағды қалыптастырудың да жеңіл болатыны талайдан айтылып келеді.Кейбіреулер «баланы қай жастан бастап тәрбиелеген жөн?» - деп жатады. Жалпы бала тәрбиесінде уақыттан ұтылмаған дұрыс.Алайда баланың дұрыс өсіп-жетілуіне кейбір дәрігерлер тарапынан кетіп жатқан кемшіліктер мен ата-аналардың балаларына дұрыс тамақтануына, дұрыс киінуіне көңіл бөлмеуінен болатын қателіктер де теріс әсерін тигізетіні белгілі.

Қоғамымызда баланың ой-санасына зиянын тигізетін нәрсе көп-ақ. Сондықтан ұрпақты сақтандырып отырмасақ,оның соңы орны толмас өкінішке ұрынарымыз хақ. Аты әлемге әйгілі жазушы Ш.Айтматов айтқандай,«жаһандану дәуірінде әр адам өз отбасын қатыгездіктен(агрессиядан) қорғауы керек».

А.ТЕКЕБАЙ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521