Құтқарушылардың еңбектері еленді

Бүгін – құтқарушылар күні және төтенше  жағдайларға қарсы қызметтің құрылғанына 25 жыл.

Бүгін – құтқарушылар күні және төтенше жағдайларға қарсы қызметтің құрылғанына 25 жыл.

Осы орайда аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі мен №11 өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері аудандық әкімдікте бас қосты. Мақсат – төтеншеліктерді кәсіби мерекелері қарсаңында елеусіз қалдырмай, марапаттау.

mara191020-4

mara191020-1

Алдымен сөз алған аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Ізбасар Сақыпқалиев бөлімнің тарихымен, жеткен жетістіктерімен бөлісті. Кейін аудан әкімінің орынбасары З.Жаңабайұлы:

- Кез келген адам қандай да бір оқыс оқиға орын алған кезде ең бірінші болып төтенше жағдайлар бөліміне хабарласады. Осындай тосыннан келетін апат көмекке ұмтылып, жауаптылық танытатын құтқарушылар құрметке лайықты. Үлкен жүрек, физикалық жағынан мықтылық, білім мен білікті қажет ететін қызметке кез келгеннің жүрегі қалап, бара бермейді. Адам өмірі мен мүліктік құндылықтарды аман сақтауда кез келген қауіп-қатерден тайсалмай, ел мүддесі жолында атқарып жатқан қалтқысыз еңбектеріңіз өлшеусіз. Азаматтық қорғаныс саласында төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың мемлекеттік жүйесін дамытып, нығайтуға, сондай-ақ бейбіт өмірдегі өмірдегі оқыс жағдайларда аумақты және халықты қорғау бағытында қосқан зор үлесіңіз үшін Сіздерге алғысымызды білдіреміз,-деді.

mara191020-3

Салтанатты жиында Атырау облысының әкімі М.Досмұхамбетовтың алғыс хаты №11 Өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Рахымжан Мизамғалиұлына табысталса, бір топ сала үздіктері аудан әкімінің алғыс хатымен, Нұрболат Мұратұлы мен Рустам Білімжанұлы Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Омар Бержановтың алғыс хатымен марапатталды. Қатысушылар да өз тараптарынан жылы лебіздерін жеткізді.

mara191020-2

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT