Covid-19: Облыс әкімі сақтық шараларын күшейтуді тапсырды

 Бұл айда адамдардың отбасылық шараларға көптеп қатысуы салдарынан ауру 18 пайыздан 26,9 пайызға жоғарылаған

Тұрғындардың той-садақаға көптеп қатысу салдарынан өңірде ауру 9 пайызға артқан.

Бұл туралы аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен өткен отырыста облыстық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Мәдениет Танауов мәлімдеді,- деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

М.Танауов коронавирус ауруының жұқтыру көздерін пайыздық көрсеткішпен жеткізді. Олардың ішінде, науқаспен жақын қарым-қатынаста болғандар 22,5%, қоғамдық көлікте жүрумен байланысты 7,2%, адамдар көп жиналатын орындарға бару 26,9%, вахталық кенттерде жұмыс істейтін және тұратын жері бойынша 43% құрайтыны айтылды.

«Жыл басынан бері 6546 рейдтік тексеріс өткізіліп, 27296 обьект қамтылды. Облыс бойынша мониторингтік топтар 213 құқық бұзушылықты анықтаған. Наурыз айында 64 анықталған бұзушылықтар бойынша шағын және орта бизнес обьектілеріне және жеке тұлғаларға 3 млн 853 мың теңгеге 49 айыппұл салынды. Бұл айда адамдардың отбасылық шараларға көптеп қатысуы салдарынан ауру 18 пайыздан 26,9 пайызға жоғарылаған», - деді облыстық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Мәдениет Танауов.

Өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов аудан әкімдерінен өз аумақтары бойынша ахуалды жеке сұрап, сақтық шараларын күшейтіп, бақылауды тікелей өз құзыреттеріне алуды қатаң тапсырды.

«Жағдайды қатаң бақылауда ұстау керек, қажет болған жағдайда белгіленге алгоритмге сай сақтық шараларын күшейтуді тапсырамын. Әрине, өндіріс, кәсіпорын, басқа да бизнестің жұмыстарының қажеттілігін түсінеміз, дегенмен адам денсаулығы басты орында екендігін ұмытпауға тиістіміз. Мониторингтік топ осыны халыққа түсіндіруге міндетті»,- деді Махамбет Досмұхамбетов.

Айта кетейік, күн тәртібінде өңірдегі денсаулық саласының жағдайы мен эпидемиялогиялық ахуалы туралы көтерілген жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, онлайн форматта аудан әкімдері қатысты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT