"Сарытоғай ауылындағы Қ.Қалыбеков атындағы орта мектептің жанынан ашылған "Арай" жазғы сауықтыру балалар лагері күрделі жөндеуден өткізілуде" деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
-Жөндеу жұмыстарымен "Гама-с" ЖШС айналысуда. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстарына «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы аясында тартылған жергілікті 18 азамат жұмыспен қамтылып отыр. "Демалыс орнының жөндеу жұмыстары аяқталды. Ауласына тас төсемелер төселуде. Ішкі құрал-жабдықтары сатып алынды. Бірінші кезекте демалыс орнына көпбалалы, жетім және жартылай жетім отбасылардың балалары қамтылады. Лагерь бір ауданның емес, алдағы уақытта облыс оқушылары демалатын орын болады"- дейді Махамбет ауданы білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ардақ Жуасов.
{ytvideo https://www.youtube.com/watch?v=uFnnLFA3_HE&feature=youtu.be|16:9}
Лагерь 120 орындық, екі корпусқа бөлінген.

