Сенат депутаттары таңдайлықтармен кездесті

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Ғұмар Дүйсембаев пен Ләззат Сүлеймен ауданымызда болып, Таңдай ауылының жұртшылығымен кездесті.

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Ғұмар Дүйсембаев пен Ләззат Сүлеймен ауданымызда болып, Таңдай ауылының жұртшылығымен кездесті.

dep-4110820-4

Аудан әкімі Жәрдемғали Бахуұлы ашып, жүргізген кездесуге облыстық мәслихаттың хатшысы Өмірзақ Зинуллин, Атырау облысы кәсіподақтар орталығының жетекшісі, облыстық мәслихат депутаты Ізтұрған Баймұханов, ауылдың белсенділері қатысты. 2017 жылы Атырау облысынан сайланған Сенатор Ғұмар Ислямұлының бұл іссапарындағы негізгі миссия - республикалық бюджеттен қаржыландырылған жобалардың барысымен танысу.

- Мемлекетбасшысының тапсырмасына сәйкес пандемия кезінде жұмыссыз қалған азаматтарды жұмыспен қамтуға қажетті жобаларды жасақтау маңызды. Оның ішінде жол құрылысына, каналдарды тазарту жұмыстарына, әлеуметтік маңызы бар құрылыстарға тарту. Байқағанымыз, ауданда бұл бағытта жұмыстар қарқынды жүріп жатқандығы байқалады. Аудандарды аралаудағы негізі мақсатым – республикалық бюджеттен қаржыландырылған жобалардың барысы қалай, ақшасы қалай болып жатыр, қосымша қаражат бөлу керек пе? Міне, осындай мәселелерді қарайтын боламын. Оның ішінде, Қарабау-Индер, Астрахан-Атырау тас жолдарының құрылысы, Жайық пен Қиғаштың тереңдету жұмыстары, облыстағы кәріз тазарту алаңдары республикалық бюджеттің қаражатына жасалып жатыр. Алдағы уақытта кестеге сәйкес аралап, бәрін жоспарлы түрде қадағалайтын боламын,- деді Сенатор.

Бақсай ауылдық округі әкімінің берген мәліметіне сүйенсек, округ бойынша жұмыссыз ретінде 52 адам тіркелген. Қоғамдық жұмыстарға 16 адам тартылса, «Жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша жұмыспен қамтылған 38 бақсайлық бар. Ауданымызға алғаш ат басын бұрған Сенат депутаты, конституциялық заңнама комитетінің мүшесі Ләззат Жаңылысқызы аталған комитетте қабылданған бірқатар заңдарды атап өтті.

senat110820

- Өздеріңіздер білесіздер, Президент өткен жылы өзінің Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын Үкімет» концепциясын ұсынды. Биліктің мақсаты – халықпен бірге болу, олардың үнін тыңдау, мәселелерін шешуге ұмтылу. Сондай-ақ, осы құжатта саяси рефомалардың қажеттілігі, онсыз экономиканы жүргізу қазіргі таңда қиын екендігі айтылған болатын. Осы тұрғыда Парламент биылғы жылы саяси реформаларды жүргізуге қатысты маңызды деген төрт Заңды, яғни бейбіт шерулер өткізу туралы, сайлау, саяси партиялар туралы және парламенттік оппозиция туралы Заңдарды қабылдады,- деді Сенат депутаты.

Кездесуге қатысқан ауыл ақсақалдары, мектеп, балабақша директорлары, жастар сөз алып, өз ұсыныс-пікірлерін, алғыстарын жеткізді.

- Осы уақытқа дейін мұғалімдерді басынан проблема арылған жоқ. Оның үстіне балабақша тәрбиешілері өзге педагогтардың тасасында қалып қоятын. Біздер үшін қуанышты жағдай, «Педагог мәртебесі» туралы Заңға сәйкес балабақша тәрбиешілері мектептің педагогтарымен теңестірілуі болды. Бұрын біздер 42 күн демалатын болсақ, биылғы жылдан бастап тәрбиешілер де 56 күн еңбек демалысын алады. Кей олқылықтары болғанмен де, біздердің құқығымызды қорғайтын тұстары бар. Осы орайда заң шығарушы органға, яғни сіздерге ауыл, аудан ұстаздары атынан үлкен ризашылығымды білдіргім келеді,- «Райхан гүлі» бөбекжай-бақшасының директоры Биғайша Қабижанқызы.

dep-2110820

dep-3110820

Жиыннан соң депуттаттар 2018 жылы күрделі жөндеуден өткен Қаршымбай Ахмедияров атындағы орта мектептің жанындағы интернатта болып, жағдайымен танысты.

depy110820

50 орындық нысан қажетті жабдықтармен толық қамтылған, бұл жерде қазіргі таңда 44 бала бар.

Қазбек АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521