Бақсай ауылдық округінің әкімі тағайындалды

Бақсай ауылдық округінің әкімі тағайындалды

Махамбет ауданының әкімі Ринат Бауыржанұлы Джанглишов Бақсай ауылдық округінің тұрғындарына Бақсай ауылдық округі әкімін сайлауының қорытындысына сәйкес Салихов Батырбек Кабижановичті тағайындау туралы өкімімен таныстырып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Салихов Батырбек Кабижанович 1966 жылы Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылында дүниеге келген. Жоғары білімді. Алматы сәулет-құрылыс институтының инженер-құрылысшы мамандығын аяқтаған.

1990-1995 жылдар аралығында Махамбет аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінде инспектор қызметін атқарған.

1995-1999 жылдар аралығында Махамбет аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр бөлімінің бастығының орынбасары болды.

1999-2003 жылдар аралығында Махамбет аудандық №4 Өрт сөндіру бөлімінің бастығы, ал 2003-2012 жылдары Махамбет аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.

2012-2019 жылдар аралығында Бейбарыс ауылдық округінде Редут желілік өндірістік басқармасында қарауыл басшысы, 2019 жылдан тағайындағанға дейін «Петро Ретайл» ЖШС-де менеджер қызметін атқарды.

Отбасылы, «Нұр Отан» партиясы мүшесі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521