«Жайық шұғыласының» ұтыс ойыны қорытындыланды

«Жайық шұғыласы» газеті редакциясы 2021 жылға балама жазылған оқырмандар үшін ұтыс ойынын ұйымдастырған болатын.

«Жайық шұғыласы» газеті редакциясы 2021 жылға балама жазылған оқырмандар үшін ұтыс ойынын ұйымдастырған болатын.

Баспасөзге жазылу науқаны аяқталуына орай, бүгін көптен күткен ұтыс ойыны ойнатылды. Нәтижесінде «Жайық шүғыласына» 1 жылға және 6 айға жазылған оқырмандар үшін ұтыс бөлек-бөлек ойнатылып, ойын шарттарын толық орындаған оқырмандар ұтысқа ие болды. Ұтыс ойынының демеушісі- АВ МеdicaI ЖШС директоры Габдуллин Айбек Серікұлы.

Ұтысқа ие болған бір топ қатысушылар «Жайық шұғыласы» редакциясының қара шаңырағына келіп, ұтыстарын алып, бір қуанды. «Жайық шұғыласы» газетінің бас редакторы Баян Сүлейменқызы газетке жазылып, оқырман қатарын көбейткен, ұтысқа белсене қатысқандарға алғысын айтып, ұтқан ұтыстарын табыстады.

nazgyl

«Жайық шұғыласы» газетіне 1 жылға жазылған Сарытоғай ауылдық «Балбөбек» бөбекжайының тәрбиешісі Назгүл Жалмұханова кір жуғыш машина ұтып алды. 

l

g

Сарайшық ауылдық мәдениет үйінің қызметкері Айнұр Құлбарақова электр еттартқыш ұтып қуанса, А-10 ұялы телефоны «Алтын-Ай» бөбекжайының қызметкері Гүлдерайым Сапароваға(Махамбет) бұйырды.

s

Сонымен қатар шаңсорғышқа Алға ауылдық «Қарлығаш» бөбекжайының аспазшысы Сапура Даукиева мен аудандық соттың бас маманы Камшат Туленова ие болды.

a

l

j

Сондай-ақ А-01 ұялы телефонын №1 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкері Макуа Кабипова(Сарайшық), «Қызғалдақ» бөбекжайының қызметкері Асель Саркулова(Махамбет), «Бүлдіршін» бөбекжайының қызметкері Айнұр Жұмашбаевалар(Сарайшық)ұтып алса, ал аудандық орталық кітапхана қызметкері Жадыра Шахаева үтікке ие болды.

lot8

Сарайшық ауылының тұрғыны Макуа Кабипова ұтысқа ие болғанына риза екенін айтып, газеттің оқырманы көбейіп, қашанда халық көңілінен шығуға жазсын деген игі тілегін арнады.

si301220-30

2021 жылға аудандық газетке белсене жазылған оқырмандарымызға және AB Medical ЖШС директоры Габдуллин Айбек Серікұлына үлкен рахметімізді айтамыз!

Жүлделеріңіз құтты болсын!

«Жайық-Ақпарат»

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521