Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлайды.
Олар жазға қарай тоқыма полипропилен және геосинтетика өндіру цехына қатысты құны шамамен 3,6 млрд теңге болатын екі жобаны Атырау өңірінде жүзеге асыра бастайды. Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов елімізде инвесторлар үшін ерекше жағдай жасалғанына жан-жақты тоқталды.
«Инвестициялық климаттың заманға сай қолайлы болуы үшін жылдар бойы құқықтық тұрғыдан ауқымды жұмыстар жасалып келеді. Біз де өңіріміздің инвестициялық мүмкіндігін арттыру үшін бар жағдайды қарастырудамыз. Өйткені, өндіріс қай кезеңде де аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпалын тигізері сөзсіз. Сондықтан, Атыраудың дамуына ықпала ететін инвестициялық жобаларды қолдауға дайынбыз»,- деді өңір басшысы. Ал өз кезегінде «УльтраСтаб» ЖШҚ-ның коммерциялық директоры О.Костылев «Қазіргі сәтте жобаның бірінші кезең үшін 2 шетелдік станоктар сатып алынып, өндіріс машиналарына тапсырыс берілді. Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді»,-деді.
Бірінші жоба бойынша - 38 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтитын геосинтетика өндіру цехының қуаты жылына 3 млн шаршы метрді құрайды. Ал 44 адамға тұрақты жұмыс беретін екінші жоба — экструзиондық геосинтетика өндіру цехының қуаты жылына 5 млн шаршы метр болмақ. Бұл бағытта бірінші кезең үшін арнайы станок сатып алынып, екінші кезеңі үшін өндірістік желілерге тапсырыс берілген.
Аталған компаниялар бастапқыда шикізатты шетелден тасымалдайды. Бірақ, Атыраудағы таяу шетелдердегі ең ірі полимер өндірісіне айналады деп болжанып отырған KPI компаниясының полипропилен жобасының интеграцияланған газ-химия кешені құрылысы аяқталған соң қажетті шикізатты толығымен сол жерден алмақ. Олар сол арқылы құрылысқа қажетті сан түрлі дайын өнімдерді шығаруды жоспарлап отыр.
Атап айтқанда, олардың бірқатарын автокөлік және теміржол құрылысына, өнеркәсіптік қалдықтарды сақтау мен жағалауды нығайтуға пайдалануға болады. Инвесторлар болашақта өз өнімдерін көршілес елдерге де экспорттауға мүмкіндіктері бар екенін жеткізді.