Махамбетте Өтеміс Есболұлы турнирі өтті

31 мамыр- саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Ұлағатты ұстаз Ө.Есболұлы қазақ даласындағы қуғын-сүргін салдарынан жазықсыз жазаланып, жапа шеккен жанның бірі.

31 мамыр- саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Өтеміс Есболұлын еске алуға арналған 2007, 2008, 2009, 2010 жылы туған жасөспірімдер арасындағы футболдан аудандық турнир Махамбет дене шынықтыру және спорт кешенінде ұйымдастырылды.

Ұлағатты ұстаз Өтеміс Есболұлы қазақ даласындағы қуғын-сүргін салдарынан жазықсыз жазаланып, жапа шеккен жанның бірі. Ол 1898 жылы Құрманғазы ауданының Дыңғызыл ауылында туған. Екі тілге жетік Өтеміс жастайынан білім-ғылымға құмартып, Орынбор қаласындағы 2 жылдық училищені аяқтап, Астрахань облысының Камизяк ауданы Семибугор ауылында мектеп директоры болып, қызмет атқарған. Өз заманында сауатты, білімді, әлем классиктерін жетік білген жанның соңынан НКВД тұзақ құрып, арандата бастайды. Қысымға шыдамаған Өтеміс ұстаз Гурьев облысының Есбол ауданына қоныс аударып, мектепте тарих, географиядан сабақ береді.

1937 жылы Өтеміс Избуловты дәл сабақ беріп тұрған жерінен тұтқындап, сот шешімімен 10 жылға бас бостандығынан айырады. Кейін ол Махамбет ауданына қоныс аударып, осы жақта тұрақтап қалған. Осында отбасын құрып, ұрпақ өрбітті. Жоғарғы Сот шешімімен 1949-1957 жылдары ақталғанымен, білім саласына жұмысқа қабылданбады. «Халық жауы» деген қара күйе оның тек құжатында ғана емес, өмірінде өшпес таңба қалдырған. Шаршы алаңда өткен теңбіл доп бәсекесі қызу тартыста өтіп, жиналған көрермендердің көңілінен шықты. Мұнда әр округтен он бір-он екі, он төрт-он бес жастағы жасөспірімдерден құралған жеті команда қатысып, үздік ойын өрнегін көрсетті.

tyr70621-2

Аудан әкімінің орынбасары Мардан Жұмахметұлы да саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнінің маңызы зор екенін, әсіресе, ауданымыздың бетке ұстар абзал азаматы Өтеміс Есболұлын ұрпақтары сағынышпен еске алып, жыл сайын турнир ұйымдастыратынын айтып, 2007-2008 жылғы туған жасөспірімдер арасында жүлделі І,ІІ орын алған Махамбет балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің 1,2 командасына кубоктар ұсынып, 1,2 дәрежелі дипломдармен марапаттады. Махамбет балаларжасөспірімдер спорт мектебінің директоры Абат Қабенов Бейбарыс командасын ІІІ орынды еншілеуімен құттықтады.

2009-2010 жылғы жасөспірімдер арасында жүлделі І,ІІ орын алған Махамбет, Ақжайық командаларын аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі Ержан Андашев марапаттады.

Белгілі кәсіпкер Махамбет Избулов ІІІ орынды жеңіп алған Бейбарыс командасына кубок, диплом, бағалы сыйлықтар табыстады. Сондай-ақ үздік спортшылар да марапаттан құр қалмады. Айталық, 2007-2008 жылғы жасөспірімдер арасында И.Қалиасқаров «Үздік қақпашы», Р.Бисалиев «Үздік қорғаушы», Д.Қоблан «Үздік мерген», О.Мейрамұлы «Үздік шабуылшы» атанды. Сонымен қатар 2009-2010 жылғылар арасында О.Қали «Үздік қақпашы», Ө.Жайлыбай «Үздік қорғаушы», Ш.Қыдырбай «Үздік мерген» атанса, А.Рысқали «Үздік шабуылшы» болды. Ал Шыңғыс Мұханғалиев жарыстың «Үздік төрешісі» номинациясына ие болды.

А.АРМАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT