Аудан футболшылары Маңғыстаудан жүлделі оралды

Балғын футболшыларды дайындаған жаттықтырушылары А.Идрисов,А.Алдешов,Ш.Муханғалиев.

Махамбет балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің командасы ауданымыздың намысын қорғады.

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында 2021 жылдың 16-19 акпан күндері Р.Өтесінов спорт кешенінде футзалдан 2007-2008 жылы туған жасөспірімдер арасында футбол клубының туған күніне орай "JF ACADEMY" кубогі ұйымдастырылған-ды.

Кубок жолындағы тартысты ойындарға 12 команда катысты. Атап айтқанда «JF ACADEMY», Жаңаөзен қаласынан «Каракия»(Каракия), «Батыр»(Ақтау), «Гимназия»(Жаңаөзен),ФК Айдаров(Түпқараған), «Сайын» гимназия(Түпқараған), БЖСМ Басқұдық(Мұнайлы),БЖСМ-1(Жаңаөзен),БЖСМ Кұрманғазы(Атырау), «Jaqsy»(Жаңаөзен),БЖСМ-2 Ақкиізтоғай(Кұлсары) және Махамбет балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің командасы ауданымыздың намысын қорғай білді.

fyt230221

Аталмыш балалар спорт мектебінің командасы топтык ойындардан және төртте бір финалдан сүрінбей өтіп, жартылай финалда қарсылас командадан ғана ұтылды. Ал ІІІ орын үшін болған финалда БЖСМ-1 Жаңаөзен командасын 5:1 есебімен ұтып, ауданымызға қола медальмен, кубокпен оралды.

-Бұл облысаралық өткен републикалық жарыс. Жалпы аудандарда футбол мықты дамып келеді. Алда да наурыз айында Қарағанды, Ақтау қалаларында республикалық жарыстар өтпекші. Балалар футболын дамыту мақсатында олардың шеберліктерін шыңдап, шаралар ұйымдастырып, дайындық жұмыстары қызу жүруде, - дейді Махамбет балалар жасөспірімдер спорт мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Асқар Алдешов.

Балғын футболшыларды дайындаған жаттықтырушылары А.Идрисов,А.Алдешов,Ш.Муханғалиев.

К.САПАРҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521