Қоржында – үш алтын

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақтан 9,11,13,15 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында рапид түрінен облыстық жекелей біріншілік болып өтті.

Оған облысқа қарасты Индер, Исатай, Құрманғазы, Қызылқоға, Жылыой, Махамбет ауданы және Атырау қаласынан командалар қатынасты. Жарысқа қатысқан махамбеттік балғын тоғызқұмалақшылар толайым табыстарға қол жеткізді.

to160621

Атап айтқанда, 2006 жылы туған ұлдар арасында Д.Жексембай 1 орынды, қыздар арасында Ж.Бауыржан 3 орынды жеңіп алды. Ал 2008 жылғы ұлдар арасында Е.Бауыржанұлы жарыс жеңімпазы атанды.

Сонымен қатар 2012 жылғы ұлдар арасында Ж.Ғарифолла 1 орынды, І.Хаумет екінші орынды иеленді.

Жаттықтырушылары: Г.Маженова, Е.Алтыбаев, Ж.Ожаев.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521