Тал отырғызу – сауапты іс

сүйікті Жалғансай ауылымызды ажарландыруға өз үлесімізді қосайық!

Тал отырғызу - бабамыздан қалған дәстүр.

Жалғансай ауылы тұрғындары, жастары, мектеп түлектері және кәсіпкерлері  әр көктем сайын жалпыауылдық сенбілік өткізуге, ашық алаңқайларға, көше бойына ұйымшылдықпен ағаш отырғызу ісін игі дәстүрге айналдырған.

t

- Тал отырғызу – сауапты іс. Өйткені жерге шаншылған әрбір тал күтімі жақсы болса, күні ертең жапырағы жайқалған дараққа айналып, жазда сая, қыста қамсау болады. Жалғансай ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен, былтыр 2020 жылы жеке кәсіпкер Аманқос Капсалыковпен салынған саябаққа тал-теректер егіліп, саябақ қоршауы сырланған еді.

Дәл осындай етіп, ауылымыздың кіре беріс 3 шақырымына саябақтарды да көбейтуге, мысалы, мектептің 1974, 1984, 1994, 2004 жылдарғы түлектерінің әр қайысысы осылай саябақтарды өздеріңіздің туған ауылдарыңызға сыйласаңыздар, нұр үстіне нұр болар еді. Немесе, «Жаңа туған әр нәрестеге – бір ағаштан» акциясы өткізілсе, ол дегеніміз перзентханадан шығарда әр баланың ата-анасына ағаштың нөмірі, отырғызылатын орын сызбасы мен құттықтау конверті қоса табысталса, қандай керемет дүние.

Ал біздің  ауылдық округі әкімі аппараты тарапынан жер телімін рәсімдеуге мемлекеттік қызметтер көрсетуге дайын және барлық қолдау көрсетеміз. Ендеше, көктемнің жайма-шуақ күндерінде тал егіп, сүйікті Жалғансай ауылымызды ажарландыруға өз үлесімізді қосайық! – дейді Жалғансай ауылдық округі әкімі Ғибрат Мырзағали.

«Жайық-Ақпарат»

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT