Махамбет аудандық сотында неке бұзу туралы азаматтық іс қаралды.
Талап қоюшы талап арызында жауапкермен ортақ 5 баласы барын, мінездерінің келіспейтіндігін, 2008 жылдан заңды некеде екенін көрсетіп, неке бұзуды сұраған.
Істі татуласу рәсімін жүргізу барысында тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасады. Келісім шарттары бойынша тараптар отбасын сақтап қалу мақсатында татуласып, ішкі отбасылық мәселелерді шешу кезінде бір-бірінің пікірін ескеруге міндеттенді, талап қоюшы неке бұзу туралы талабынан бас тартты.
Сот ұйғарымымен азаматтық іс бойынша медиациялық келісім бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды.
Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.
Сурет:дереккөз