Балабақшадағы сенбілік

Сенбілік - тазалық таразысы.

Ауданымызда апта сайын сенбіліктер ұйымдастырылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.Оған ауданға қарасты барлық мекемелер де белсене қатысуда. "Тазалық - денсаулық кепілі" деп тегін айтылмаған. Осындай сенбіліктерді белсене ұйымдастыруда бастауыш кәсіподақ ұйымдары мүшелерінің де еңбегі зор.

Солардың бірі Махамбет ауылындағы «Алтын-Ай» бөбекжай бақшасы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Биғайша Еркінованың жетекшілігімен бастауыш кәсіподақ ұйымы жыл аясында ұйымдастырылған "Бастауыш ұйым - кәсіподақ тірегі" атты сенбілікке белсене қатысты.

s

- Көктем айы келіп, айнала ақ қар мен мұз құрсауынан босап, жасылға малынар тұста адамзат баласы Табиғат-Анаға жанашырлық танытып,тазалық жұмыстарын бастап кетеді. Мекемеміздің ауласын қоқыстардан тазалау, арықтарды жөнге келтіру, ағаштарды ақтау сияқты жұмыстар жүргізілді. Балалар серуенге шыққанда ауламыз айнадай таза болғаны қандай жақсы. Бөбектер де таза ауамен тыныс алып, еркін ойнауына мүмкіншілік мол. Сондықтан өз ауламызды, айналамызды таза ұстау - баршамыздың міндетіміз, - дейді «Алтын-Ай» бөбекжай бақшасы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Биғайша Еркінова.

«Жайық-Ақпарат»

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521