Бұл «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясындағы көрсеткіш.
Бұл туралы өткен жыл ішінде атқарылған жұмыстар туралы есеп берген Махамбет ауданы әкімінің уақытша міндетін атқарушы Мұқаш Зұлхарнай айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
«Оның ішінде, 1180 адам тұрақты жұмысқа, 38 адам әлеуметтік жұмысқа, 70 жас жастар практикасына, 720 жұмыссыз қоғамдық жұмысқа орналасты. 100 адам «Бастау-Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, 42 адамға несие, 30 адамға қайтарымсыз мемлекеттік грант берілді. 96 адам тегін қысқа мерзімді оқуға, 30 жас техникалық және кәсіптік білім алуға жолданды» деді спикер Мұқаш Зұлхарнай.
Еске сала кетелік, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде 10 нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Олардың қатарында Ақтоғай, Бейбарыс, Талдыкөл елді мекендерінің ішкі жолдары, Құрсай, Айсары каналдары, Махамбет, Сарайшық, Ортақшыл, Ақтоғай ауылдарындағы дәрігерлік емханалары, «Арай» балалар лагері бар.