Махамбет ауданы аумағында ағымдағы жылдың 11-13 желтоқсан айы аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Акцияның негізгі мақсаты - қоғамдық тәртіпті тиісті деңгейде қамтамасыз етуде қоғамдық орындарда, көшелерде және басқа да орындарда қылмыстарды ескерту және жолын кесу, қоғамдық көлік және такси жүргізушілері жол беретін жол жүрісі қағидасын бұзушыларды анықтау, жолын кесу, жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру және жол-көлік оқиғаларының санын төмендету болып табылады.
«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасына ауданның жол-патрульдік полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлары, ювеналды полиция тобының инспекторлары және де басқа құрылымдардан барлығы 30-ға жуық қызметкер жұмылдырылды.
Іс-шара нәтижесінде 105 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде қоғамдық орындарда масаң күйде жүру, кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу міндеттерін орындамау, түн тыныштығын бұзу, жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүру, көлік құралын масаң күйде басқару жайты, жылдамдықты арттырған жүргізушілерге, авариялық сигнал берудi қолдану қағидаларын бұзғандарға, ұялы телефон пайдаланғандар, белгіленген жылдамдықты асырған, қауіпсіздік белдігін қолданбағандар жауапкершілікке тартылып, әкімшілік хаттама толтырылды.
Қ.ШОНЫШЕВ,
аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция
қызметі патрульдік полиция тобының аға қызмет инспекторы,
полиция капитаны