Жүлделі орын «Ақтоғай» командасында

Жүлделі орын «Ақтоғай» командасында

Ауданда волейболдан жарыс өтті.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған оқушы қыздар арасында волейболдан аудандық жарыс өтті.

bol9321-4

Жарысты Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің залында көрерменсіз барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырды. Атырау облысының волейбол федерациясы директоры Қайыржанов Ғабиден, Атырау "Волейбол" клубының директоры Харесов Қанатбек жарысқа қонақ ретінде шақырылып, ойын барысын тамашалады.

b

Тартысты ойын қорытындысымен І орынды  "Болашақ" командасы алса, ІІ орынды  "Жуниор" командасы Атырау қаласынан, ал ІІІ орынды "Ақтоғай" командасы  Ақтоғай ауылы жеңіп алды.

b

Сонымен қатар үздік ойын көрсеткен үшін Қайыржанова Назерке Атырау «Болашақ» командасы ойыншысы, Изтелеуова Ақбота Қосарал орта мектебі, «Ортақшыл» командасы және Даулетқалиева Наргиз Атырау «Жуниор» командасының ойыншылары бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жарыстың жабылу рәсімінде Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі Андашев Ержігіт сөз сөйлеп, жеңімпаздарды марапаттады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубок, диплом, медальдармен марапатталды.

К.САПАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521