Шахмат пен дойбыдан ашық турнир өтті.
2021 жылдың 2-3 наурыз күндері аралығында, Атырау қаласы, соқырлар қоғамы ғимаратында, көру мүшесі зақымдалған мүмкіндігі шектеулі жастар арасында шахмат және дойбы «64» облыстық чемпионат өтті.
Аталған жарысқа Махамбет ауданы атынан "Ер Жүректілер" спорт клубының спортшылары қатысты. Нәтижесінде шахматтан ұлдар арасында ІІ орынды Аманжол Ілияс(О.Шонаев орта мектебі) жеңіп алса, ал дойбыдан ұлдар арасында І орынды Аманжол Ілияс О.Шонаев орта мектебінен жеңіп, ағымдағы жылдың 17-27 наурыз күні аралығында Алматы қаласында өтетін дойбыдан жастар арасындағы чемпионатқа жолдама алды.
Ал ІІ орынды Ерланұлы Мұхамедмади Д.Төленов атындағы мектеп-гимназиясы иеленді.
Сонымен қатар дойбыдан қыздардар арасында ІІ орынды Меңдіғали Жанерке Есбол ауылдық орта мектебі иеленді.
Жаттықтырушысы Мухадия Куангереев.
«Жайық-Ақпарат»