Жүлдегерлерімізбен мақтанамыз

Жасөспірімдер арасында бокстан ашық турнир өтті.

2019 жылдың 20-23 желтоқсан күндері аралығында Ақтөбе облысы, Хромтау қаласында "Жастар жылы" аясында Хромтау балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің 50 жылдығына байланысты бокстан 2006-2007, 2008-2009 жылы туылған жасөспірімдер арасында облыстық ашық турнирі өткен-ді.

Аталған жарысқа Махамбет балалар-жасөспірімдер спорт мектебінен 6 боксшы қатысты. Жүлделі 1 орынға Қанат Диас(Е.Ағелеуов о/м) ие болса, Қыдырбай Марсел (Е.Ағелеуов о/м) жүлделі III орынды қанжығалады.

Боксшылардың жаттықшырушылары-Қалмұрат Торбаев, Мирлан Қайрош.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521