21 желтоқсанда Ресейдің Краснодар қаласында ГЛАДИАТОР V атты бокс кеші өтті.
Жекпе-жектің бірінде қазақстандық боксшы Ержан Ордабаев та рингке көтерілді. Атыраудың тумасы 59 кг салмақ дәрежесінде Санкт-Петербург боксшысы Александр Салтыковқа қарсы шығып, екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Айта кетелік, бұл Ордабаевтың кәсіпқой рингтегі екінші жеңісі.
Дереккөз: Prosports.kz.
 
                                    
             
     
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						


