Іріктеу чемпионатынан жүлдегер атанды

2019 жылдың 27-28 желтоқсан күндері Атырау қаласында дзюдо күресінен 2000-2002 жылғы жастар және 2003-2004 жылы туылған жасөспірім ұл-қыздар арасында Атырау облысының құрамасын жасақтау мақсатында өткен облысымыздың іріктеу чемпионаты өтті.

Бұл іріктеу чемпионатына ауданымыздан 13 дзюдошы қатысып, оның 5 - і жақсы нəтижеге қол жеткізді. Атап айтсақ, жасөспірімдерден ұлдар арасында 50 кг салмақ дəрежесінде Бисен Жігер мен қыздар арасында 44 кг салмақ дəрежесінде Əділбекова Жанерке жүлделі II орын алды. Енді олар 2020 жылы ақпанның айының 6-10 күндері аралығында 2003 - 2004 жылғы туылған жасөспірімдер арасында Қостанай қаласында өтетін ҚР чемпионатына қатысуға жолдама алды.

Сондай-ақ 50 кг салмақтылардан Алмас Пастухов, 66 келі салмақ дәрежесі бойынша Алишер Балабаев, 44 кг салмақтағы Аяулым Елеуова жүлделі III орынды иемденді. Қазақстан Республикасы чемпионатына əр салмақтан тек қана I , II орын алған дзюдошылар ғана қатысатындықтан бұл дзюдошыларымыз жолдама ала алмай қалды.

Бисен Жігер мен Әділбекова Жанерке 2020 жылдың 5 қаңтарында Атырау қаласында басталатын оқу-жаттығу жиындарына қатысып, ҚР чемпионатында Атырау облысының намысын қорғайтын болады.

К.Сапарқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521