Асығы алшысынан түскен «Ақжайық».
Ел егемендігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарының «Қазақстан – спорттық ұлт» бөлімін жүзеге асыру бағытында қазақтың ұлттық ойыны – асық атудан ерлер «бес табан» мен «бес асықтан» әйелдер арасында аудандық жарыс өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша әйелдер арасында «Ақжайық», Атырау көмекші мектеп-интернаты, «Жалғансай» командалары алғашқы орындарды бөлісті.
Ерлер арасындағы сайыста да аталған командалар жеңіс тұғырынан көрінді. Үздік ойын көрсеткен Салтанат Шамшиден, Ағилаш Мұхамбетова, Қарақат Құсайынова, Торғын Берғарина бағалы сыйлықтармен марапатталса, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің кубогі, медаль, дипломдары табысталды.
«Жайық-Ақпарат»