Жасөспірімдер жүлдемен оралды

Қыс басталғалы мектеп оқушылары арасында түрлі жарыстар өткізіліп келеді. Соның ішінде мұз үстіндегі шайбалы хоккейге ерекше көңіл бөлініп отыр. Қысқы спорттың бұл түріне оқушылардың да қызығушылығы ерекше.

Жуырда Атырау қаласында Атырау аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Спорт-нашақорлыққа қарсы» атты 2002-2003 жылы туылған жасөспірімдер арасында шайбалы хоккейден облыстық біріншілік өткізілді.

Осы жарыста аудан намысын қорғаған О.Шонаев атындағы орта мектебінің оқушылары 1 орынға лайықты деп танылды.

Жеңімпаз команда арнайы медаль және дипломдармен марапатталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT