Бейбарыстықтар бірінші орында

Атырау қаласы «Нұрсая» спорт кешенінде волейболдан еңбек және спорт ардагері, «Махамбет ауданының Құрметті азаматы» Махамбет Оңдағани атындағы ерлер арасында облыстық турнирі ұйымдастырылды. Оған Құрманғазы, Индер, Жылыой, Махамбет (Алға, Ақтоғай, Бейбарыс а/о) аудандары, АМӨЗ, Академия, «Ардагерлер» командалары қатынасты.

Жарыстың салтанатты ашылуында Махамбет ауданының мәслихат хатшысы Марат Мырзашев, аудандық мәслихат депутаты Сағынбай Шотпақов, Алға ауылының ардагерлер кеңесінін төрағасы Қонысбай Тұраров және Махамбет Оңдағани құттықтау сөз сөйлеп, спортшыларға сәт сапар тіледі. АМӨЗ командасының капитаны Данияр Шеркешбаев Махамбет Оңдағаниға ескерткіш сыйлық табыстады.

Жарыс қорытындысында І орынды Бейбарыс ауылдық округі, II орынды АМӨЗ командасы, III орынды Жылыой командасы жеңіп алды. Ернар Матеуов (Бейбарыс а/о), Азамат Тайжанов (АМӨЗ), Мерей Утебаевтар (Жылыой ауданы) үздік ойыншы деп танылды. Жеңімпаз командалар аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі атынан диплом, кубоктармен марапатталса, жекелеген ойыншыларға медальдар тағылды. М.Оңдағани отбасының атынан да ақшалай сыйлықтар берді.

Махамбет аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі жарыстың өз дәрежесінде өтуіне атсалысқан облыстық «Атырау» волейбол федерациясының басшысы Болат Қабрахиевке, бас төреші Нұрлан Қайырлиевке, бас хатшы Ерлан Бектілеуовке алғыс білдірді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT