Гроссмейстермен бір сәттік ойын

Халықаралық гроссмейстер Динара Садуақасова аудандық әкімдіктің мәжіліс залында жас шахматшылармен бір мезеттік ойын сеансын өткізді.

Әлемнің төрт дүркін чемпионымен күш сынасу үшін оқушылар ауданның елді мекендерінен де келді. Бір мезетте 20 оқушымен ойын жүргізген, еліміздегі шахматтың дамуына елеулі үлес қосып жүрген жас гроссмейстер болашақ дарынды жастардың қолында екеніне сенетінін және жас таланттарға білгенін үйретуге, қолдау көрсетуге қашанда дайын екенін айтады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT