Францияның бас қаласы Парижде WT таеквондодан «French ECOpen 2021» халықаралық турнирі аяқталды. 73 келі салмақтағы жарыс нәтижесінде атыраулық таеквондошы Джансель Дениз қола жүлдеге ие болды.
Аталмыш G-1 дәрежесіндегі ашық чемпионатына әлемнің түкпір-түкпірінен барлығы 450-ден астам спортшы қатысты. Іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен Жансель, жартылай финалдық кездесуде Джансель Дениз Германия өкіліне 23:16 есебімен есе жіберіп, жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.