Махамбет ауданының қос командасы - облыстық турнир чемпионы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай футболдан 2009-2010 жылы туған жасөспірімдер арасында «Күзгі демалыс» облыстық турнирі ұйымдастырылды.

Аталған шараға Атырау қаласының «Көктем», «Көктем-2», «Аякс», «SD Family» командалары, сондай-ақ Махамбет аудандық балалар-жасөспірімдер мектебінің тәрбиеленушілер мен Бейбарыс ауылының командалары қатынасты. Ауданымыздың намысын қорғаған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің қос командасы топтық ойындардан сәтті өтіп, жартылай финалда кездесті. Жартылай финалда Бейбарыс командасынан 0:1 есебімен басым түскен аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің командасы финалдық тартысты ойында «Аякс» командасын 1:2 есебімен ұтып, облыстық турнирдің чемпионы атанды. Ал lll орын үшін болған ойында «Көктем» командасын 0:2  есебімен ұтқан бейбарыстық команда да ауданымызға жүлдемен оралды. Бейбарыс командасының ойыншысы Бексұлтан Есмағамбетов «Үздік шабуылшы», махамбеттік Амантай Рысқали «Үздік ойыншы» атанды.

cc409f98-6e05-4a59-abc2-a3f81b027686

Чемпиондар мен жүлдегерлер кубок, медаль және арнайы дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар 2013-2014 жылы туған жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған «Күзгі демалыс» облыстық турниріне атыраулық «Көктем-1», «Көктем-2», ФК «Бейбарыс», «Олимпик», «Аякс», «Фалкон», «Нефтяник» командаларымен қоса Махамбет аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі мен мектепке қарасты Бейбарыс ауылдық футбол бөлімшесінің балғын футболшыларынан құралған команда да қатынасты.

Ауданымыздың намысын қорғаған құрама топтық ойындарда «Көктем-2», «Олимпик» командаларын ұтып, үшінші кезеңде ФК «Бейбарыс» командасынан ұтылып, жартылай финалға жолдама алды. Жартылай финалда «Нефтяник» командасынан 0:5 есебімен басым түссе, ақтық финалдық бәсекеде «Аякс» командасын 0:3 есебімен ұтып, облыстық турнирдің чемпиондары деген атаққа қол жеткізді. Жарыс жеңімпаздарына арнайы кубок, медаль, дипломдар табысталды. Облыстық турнирдің «Үздік ойыншысы» атағы махамбеттік Ислам Қанатқа берілсе, бейбарыстық Мерей Кенжебай «Үздік қақпашы» атағын қол жеткізді.   Балғын футзалшыларды облыстық жарысқа дайындаған Адилет Идрисов, Шыңғыс Муханғалиев, Асқар Алдешов демеушілік көрсеткен ата-аналарға, жарыс жарнасы төлеген Бейбарыс ауылының азаматы Жандарбек Қабеновке, және көлік тасымалымен жәрдемдескен Қуаныш Жұмахановқа алғыстарын жеткізді.

 

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT