12-13 қараша күндері Махамбет ауданының Кеңөріс ауылында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай ұлттық спорт түрлерінен "SULO CUP" Батыс аймақтық ашық турнирі өткізілді.
Шара "Suleimen Promotions" ЖШС-ның ұйымдастыруымен, Махамбет ауданы әкімдігі мен Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.
Турнирде Батыс өңірлерінен келген спортшылар өздерінің бақтарын сынап, нәтижесінде дүбірлі додада ең мықтылары анықталды. Жарыстың жүлде қоры – 14 500 000 тенгені құрады.
"Аламан бәйге" сайысында (24 шақырым)
1-орын ”Мұзбалақ” -Ақтау қаласы, Таңатаров Нысанбек – 2 000 000 тенге
2-орын ”Ақжауын” - Ақтау қаласы, Ибашев Ералы. – 1 000 000 тенге
3-орын ”Қаңтаңір” - Батыс Қазақстан облысы, Сағынбаев Нұрбек. – 500 000 тенге жеңіп алса,
"Көкпар" сайысынан:
1-орын ”Адай ата” командасы - Маңғыстау облысы - 3 000 000 тенге
2-орын ”Сүлеймен” командасы - Атырау қаласы - 2 000 000 тенге
3-орын ”Сарайшық” командасы - Атырау қаласы – 1 000 000 тенгені қанжығалырына байлады.
"Құнан бәйге" сайысынан (9 шақырым):
1-орын Өмірғалиев Бекзат, Орал қаласы - 500 000 тенге
2-орын Балымбеков Нұрлыбек, Ақтөбе облысы -300 000 тенге
3-орын Мырзағалиев Алдоңғар, Жылыой ауданы. – 200 000 тенге ұтыс сыйақыларын жеңіп алды.