Атырау қаласындағы Б.Нысанбаев атындағы орта мектебінде 9-15 жас аралағындағы ұлдар мен қыздар арасында тоғызқұмалақтан облыстық жеке біріншілік өтті.
Осы біріншілікте өзге аудандардан қатысқан 70-ке жуық спортшылардың арасынан жас ерекшеліктеріне қарай ойнаған махамбеттік Айдана Есенжан мен Диас Жексенбай (Қ.Ахмедияров), Ерболат Бауыржанұлы (Д.Төленов м/г) І орынға ие болды. Ал, Болат Саят (Д.Төленов м/г) жүлделі ІІІ орынды қанжығасына байлады. Сұлтанби Жаңабай (Д.Төленов м/г) үздік көрсеткіш көрсетті. Аталған спортшылар 10-18 маусым аралығында Ақтөбе қаласында өтетін (классика, рапид, блиц) ҚР чемпионатына қатысатын болады. Балаларды дайындап, шыңдаған жаттықтырушылар Г.Маженова мен Е.Алтыбаев.
А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА.