«Былғары доп-2018» лигасының жеңімпазы

Атырау қаласында футболдан жасөспірімдер арасында «Былғары доп-2018» облыстық мектеп оқушыларының лигасы ұйымдастырылған болатын.

Оған Атырау, Жылыой, Мақат, Құрманғазы, Исатай, Индер, Махамбет аудандарынан балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің командалары қатысты. Топтық ойында Жылыой ауданының командасымен тең түскен біздің футболшыларымыз Исатай, Индер аудандарының командасын айқын басымдықпен ұтып, финалға жолдама алды. Финалдық ойында Атырау командасынан матч соңындағы пеналтиден ұтылған спортшыларымыз жүлделі ІІ орынды қанжығасына байлап, кубокпен марапатталды. Жүлделі ІІІ орын Жылыой командасына бұйырды. Жарысқа қатысқан негізгі құрамда Е.Ағелеуов, О.Шонаев, Чкалов, Қосарал орта мектептері, Д.Төленов мектеп-гимназиясы оқушылары болды. Балғын футболшылардың жеке карточкаларын рәсімдеуге атсалысқан Е.Ағелеуов атындағы орта мектептің директоры Ғ.Некесовке айтар алғысымыз шексіз. Жас футболшыларды Махамбет балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушылары Ә.Идрисов, А.Алдешов, Чкалов атындағы орта мектептің дене тәрбиесі пәні мұғалімі Ш.Мұханғалиев даярлады.

А.АЛДЕШОВ,

жаттықтырушы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT