Чемпионатқа жолдама алды

Атырау қаласында 2002-2003 жылы туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында самбо күресінен қыркүйек айында Батыс Қазақстан облысында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына іріктеу жарысы өтті.

Бұл жарыста біздің ауданның балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері айтарлықтай жақсы жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтсақ, ұлдар арасында 50 кг салмақ дәрежесінде Е.Ағелеуов атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы Шапағат Қазиев пен қыздар арасында 56 кг салмақ дәрежесінде Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжінің 1-курс студенті Көркем Жолшиева жарыс жеңімпаздары атанып, Қазақстан Республикасының Чемпионатына қатысуға жолдама алды. 42 кг салмақта Абылай Қизат (Е.Ағелеуов), 55 кг салмақта Бисен Жігер (О.Шонаев),72 кг салмақта Бекзат Бақтыгерей (О.Шонаев), қыздар арасында 60 кг салмақта Ақмаржан Жантелеуовалар (Қ.Қалыбеков) жарыстың қола жүлдегерлері атанды. Спортшыларды дайындаған жаттықтырушылар Амангелді Маменов және Әсет Қабенов.

Б.СҮЙЕУОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT