Волейболдан Махамбет ауданы әкімінің кубогы сарапқа салынды⠀

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жастар арасында волейболдан «Аудан әкімі Кубогі» үшін облыстық ашық турнир өткізілді.

Аталған жарысқа барлығы 8 команда қатынасты. Жарысты аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Аруев Нұрғали мерекемен құттықтап, сәт сапар тілеп ашты.⠀ ⠀

Жарыс қортындысында І орынды Махамбет ауданы, ІІ орынды Қызылқоға ауданының волейболшылары жеңіп алса, ІІІ орын Жылыой ауданының командасына бұйырды.⠀ ⠀

a500fa0f-9194-4532-ab03-f2b9ac27b358

Тартысты бәсекенің "Үздік байланыстырушы" болып махамбеттік Рүстем Мусин, "Үздік ойыншы" қызылқоғалық Даурен Тлеков танылды. ⠀ "Жайық жастары" командасының ойыншысы Нұрхан Тыныштықов "Үздік шабуылшы", Жылыой ауданы командасының ойыншысы Әлішер Абдірозақ "Үздік қорғаушы" номинвциясымен марапатталды.⠀ ⠀

Жеңімпаз командалар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің диплом, кубок, медаль, бағалы сыйлықтармен марапатталды. ⠀ 

Қ.БАҒЫТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT