Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай баскетболдан жасөспірімдер арасында ашық аудандық біріншілігі өткізілді.
Аталған жарысқа барлығы 6 команда қатысты. Жарысты аудандық балалар жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Абат Қабенов мерекемен құттықтап, сәт сапар тілеп ашты. Жарыс қорытындысында бірінші орынды «Құлсары» командасы жеңіп алса, «Махамбет» командасы ІІ орынды иеленді. Үшінші орын «Құрманғазы» командасына бұйырды.
Махамбет ауданының намысын қорғаған команданы жаттықтырғандар: Қайрат Ідірісов пен Ержан Андашев. Жүлдегерлер командаларға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің диплом, кубок, медальдары, үздік ойыншыларға бағалы сыйлықтар табысталды.
Қ.БАҒЫТ