Волейбол: Ақтоғай командасы І орынға ие болды

Командаға тек сәттілік тілейміз.

Ақтоғай командасы республикалық лигаға қатысатын болды.

Ақтоғай орта мектебінің 9-11 сынып ұлдар командасы волейболдан облыстық ұлттық мектеп лигасының ойындарына қатысып, жүлдегі І орынға ие болды. Атап айтсақ, жарыста үздік ойын өрнегін көрсеткен 11 сынып оқушысы Б.Маденов ортаңғы тосқауыл қоюшы болса, 10 сынып оқушылары Б.Қуаныш капитан, ал Диас Жомарт - шабуылшы, 9 сынып оқушылары А.Азамат ортаңғы тосқауыл қоюшы, Ө.Серікұлы, Н.Хамидолла шабуылшы, О.Базаров либеро сынды арнайы марапаттар өз иелерін тапты.

Жаттықтырушылар Сансызбай Сыдихов пен Ержан Сыдыхов осы оқушыларды баптап, жоғары жетістікке қол жеткізіп отыр.

Ұлдар командасы 17 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында өтетін республикалық ұлттық мектеп лигасы ойындарына қатысуға жолдама алды.

Командаға тек сәттілік тілейміз.

К.САПАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521