Махамбеттік спортшылар Маңғыстаудан жеңіспен оралды.
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында ағымдағы жылдың 19-25 наурыз күндері футзалдан "NS CLUB" кубогі ұйымдастырылды. Жарысқа 2007-2008, 2009-2010 жылы туылған жасөспірімдер қатысты.
Аталған кубокке МФК "Айдаров"(Түпқараған), БЖСМ "Жетібай", БЖСМ "Жаңаөзен", БЖСМ"Шетпе"ФК"Joma Сайын"(Түпқараған), NS CLUB(Ақтау), БЖСМ" Құрманғазы(Атырау) және ауданымыздан Махамбет балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің футболшылары қатынасты.
Атап айтқанда топтық ойындарда МФК"Айдаров"(Түпқараған), БЖСМ"Жаңаөзен", БЖСМ "Жетібай" командаларынан басым түскен махамбеттік команда, жартылай финалдық ойында БЖСМ "Шетпе" командасын 1:3 есебімен ұтып жеңіске жетті.
Ал тартысты финалдық бәсекеде алаң иелері "NS CLUB" командасын 0:2 есебімен ұтып, Махамбет ауданының футболшылары аталған кубоктің иегерлері атанды.
Сонымен қатар «Үздік қақпашы» Ильяс Қалиасқаров, «Үздік қорғаушы» Аңсар Самратов иеленді.
Балғын футболшыларды дайындаған жаттықтырушылар А.Алдешов, А.Идрисов.
«Жайық-Ақпарат»