Велошабандоз Евгений Федоров Азия ойындарында алтын медаль алды

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық велошабандоздар чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ел құрамасы сапында Алексей Луценко, Евгений Федоров, Дмитрий Груздев және Глеб Брусенский сынға түсті.

Дүбірлі додада 210 шақырымға созылған бәсекеде Евгений Федоров мәре сызығын бірінші болып қиса, екінші орын Алексей Луценкоға бұйырды.

Айта кетсек, Алексей Луценко шосседегі веложарыста үздік шықты.

Осылайша жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы қоржынына алтыншы алтын түсті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521