Асқар Бопылдықовты еске алуға арналған облыстық шахмат турнирі өтті

Махамбет ауданында «Жас Отан» Жастар қанаты Атырау облыстық филиалы төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Бопылдықов Асқар Төребайұлын еске алуға арналған студенттер арасында ІІ облыстық ашық шахмат турнирі өтті.

Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен "Жастар таңдауы – Атырау" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен "Atyrau Students Union" жобасы аясында өткен турнирге облыс бойынша жоғары, кәсіптік-техникалық 15 оқу орнынан 30-дан астам студент қатысты.

Шараның мақсаты - Атырау облысының біртуар азаматы, өз уақытында жастарға демеуші, ұстаз болған Асқар Бопылдықовты жастарға таныту және жастарды шахмат ойынына қызығушылығын арттыру.

Бес турдан кейін жеңімпаздар анықталып, дипломмен қоса ақшалай сыйақы берілді. Турнир қорытындысымен Нұрбек Қайрошев жеңімпаз атанса, Назымгүл Атагулина екінші орынға ие болды. Досжан Қабдол қола жүлдені қанжығаға байлады. Тартысты ойын көрсеткен барша студентке алғыс хат табысталды.

Қатысушылар турнирден соң «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында болды.

Қ.БАҒЫТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521