Каратэші Нұрқанат Әжіқанов ел қоржынына сегізінші алтын медальді салды

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық каратэші Нұрқанат Әжіқанов чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық каратэші 75 келіге дейінгі салмақта иорданиялық Хасан Масарвехпен алтын жүлдені сарапқа салды.

Нұрқанат қарсыласын 8:0 есебімен айқын басымдықпен ұтып, Қазақстан қоржынына сегізінші алтын медальді салды.

азиада
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Н.Әжіқанов бұған дейін үш қарсыласын жолдан тайдырған еді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521