Жарысқа барлығы 150-ге тарта жас спортшы балғындар қатысты.
Жақында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен, балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің 2005-2006, 2007-2008 жылы туылған оқушылары арасында, мұғалімдер күніне арнап, футболдан тартысты жарыс ұйымдастырылды. Жалпы жарысқа барлығы 150-ге тарта футболшы қатысып, 10 командадан құралды.
Арсенал (Атырау), А.Байтұрсынұлы орта мектебі, балалар жасөспірімдер спорт мектебінен 3 команда қатынасып, өзара жеңімпаздарын анықтады. Жарыс қорытындысында жүлделі ІІІ орынды балалар жасөспірімдер командасының 2-ші командасы иеленсе, ІІ орынды Арсенал (Атырау), ал жарыстың жеңімпазы болып балалар жасөспірімдер спорт мектебінен 1-ші командасы атанды.
Сонымен қатар екінші жас ерекшелік 2007-2008 жылы туылған жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған жарыста Арсенал-1(Атырау), Арсенал-2(Атырау) Байтұрсынұлы орта мектебі, балалар жасөспірімдер командасының 1-2-ші командалары қатысып, өзара бақ сынады.
Нәтижесінде ІІІ орынды Бейбарыс ауылынан келген А.Байтұрсынұлы орта мектебінің командасы иеленсе, ІІ орынды Арсенал(Атырау), ал жасөспірімдер командасы- 1 жеңімпаз атанды.
Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі Ержан Андашев:
« Жарыстың негізгі мақсаты - оқушылар арасында футболды дамытып, олардың футболға деген қызығушылығын арттыру",- деп балғын футболшыларға сәттіліктер тілеп, келесі оқу жылында да осындай жарыстар өткізу дәстүрге айналатынын жеткізді.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің диплом, медальдарымен және де жеңімпаз командалар Махамбет балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің кубоктарымен марапатталды.
К.САПАР