Жүлделі ІІ орынды қанжығасына байлады.
Жуырда «Спорт жұлдыздары» журналының ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы «ЦCKA» стадионында президенттік көпсайыстан дене шынықтыру пәні мұғалімдері арасында республикалық турнирі өтті. Аталған біріншілікке Махамбет балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің «Ақжайық» спорт кешенінің футбол бөлімшесінің жаттықтырушысы Әли Мүтиев қатысып, жүлделі ІІ орынды қанжығасына байлап оралды.
- Дүбірлі бәсекеге Атырау облысынан тоғыз адам бардық. Жарыс жас ерекшеліктеріне қарай өткізілді. Яғни 21-24, 24-34, 34-39 жас аралығын қамтыды. Турнир үш кезеңді, турникке тартылу, 100 метрге және үш шақырымға жүгіруді қамтыды. Сол жарыстан жүлдеді орынға ие болумен қатар, «Үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі» куәлігін алып, төсбелгісін кеудеме тақтым,-дейді ақжайықтық Әли.
К.САПАР