Эстафета мұғалімдер күніне арналды

Көңілді жарыс өтті.

Ауданымызда бұқаралық спортты дамыту мақсатында 23-24 қыркүйекте аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен жарыс өткен болатын.

j

- Махамбет балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің 2005-2006, 2007-2008 жылы туылған жас спортшылары екі күнге созылған жарысқа белсене қатысты. Мұғалімдер күні қарсаңында өткен жарыста қатысушылар 4х100 м эстафета, кеудені көтеру, 60, 100 метрге жүгіруден өзара сайысқа түсті. Қорытындысында барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің диплом, медальдарымен марапатталды, – дейді осы бөлімінің сектор меңгерушісі Е.Андашев.

«Жайық-Ақпарат»

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521