Тоғызқұмалақтан жарыс өтті

Тоғызқұмалақтан жарыс өтті

Жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан жарыс өтті.

Ағымдағы жылдың 11-12 ақпан күндері, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған, қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақтан ашық біріншілігі ұйымдастырылып өткізілді.

Оған 2007-2008, 2009-2010, 2011-2012 жылдары туылған жасөспірім ұл-қыздар қатысты. Тартысты жарыстың нәтижесінде 2007-2008 жылдары туылған жасөспірім ұлдар арасында І орынды Еркежан Әлиханқызы Д.Төленов мектеп-гимназия, ІІ орынды Ламина Ермек Е.Ағелеуов орта мектебі, ІІІ орынды Айым Бердіғали жеңіп алды.

2007-2008 жылдары туылған жасөспірім қыздар арасында І орынды Жансая Бауыржан Д.Төленов мектеп-гимназия, ІІ орынды Шұғыла Самат, ал ІІІ орынды Гүлсезім Амангелді Е.Ағелеуов орта мектептері иеленді.

Сондай-ақ 2009-2010 жылдары туылған жасөспірім ұлдар арасында І орын Ерболат Бауыржанұлы, ІІ орын Дамир Әлім Д.Төленов мектеп-гимназиясы алса,ІІІ орынды Саят Орын Е.Ағелеуов орта мектебі ие болды. 2009-2010 жылдары туылған жасөспірім қыздар арасында І орынды Армангүл Қуангерей Д.Төленов мектеп-гимназия, ІІ орынды Әйгерім Сансызбай Қ.Ахмедияров орта мектебі, ІІІ орынды Айсана Максимова Е.Ағелеуов орта мектебі алды. 2011-2012 жылдары туылған жасөспірім ұлдар арасында І орынды Ілияс Хаумет О.Шонаев орта мектебі, ІІ орын Әлібек Мәлік Д.Төленов мектеп-гимназия, ІІІ орын Ерқанат Көшқалиұлы Қ.Ахмедияров орта мектебі иеленді.

tog120221

Сонымен қатар 2011-2012 жылдары туылған жасөспірім қыздар арасында І орынды Нұрай Бердіғали, ІІ орынды Асылай Мақсотова Д.Төленов мектеп-гимназиялары, ІІІ орынды Мансур Төлеуш Е.Ағелеуов орта мектебі қанжығасына байлады.

Жарыстың жабылу рәсімінде аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі Андашев Ержігіт сөз сөйлеп, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді диплом, медальдар және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

«Жайық-Ақпарат»

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT