Махамбет аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің залында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ересектер арасында волейболдан аудандық жарыс өткізілді.
Аталған жарысқа 6 команда қатысты. Жарыс қорытындысымен І орынды «Алға» командасы, ІІ орынды «Өнер» командасы, ІІІ орынды «Ақтоғай» командасы жеңіп алды.
Жарыс жеңімпаздары аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің диплом, кубок, медальдармен марапатталды.
Үздік ойын көрсеткені үшін «Алға» командасының ойыншысы Айбар Өтеуов, «Өнер» командасының ойыншысы Ернар Кужахметов, «Ақтоғай» командасының ойыншысы Махамбет Сансызбайұлы бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«Жайық-Ақпарат»