Самбошылар Республика чемпионатына жолдама алды

Республика чемпионатына жолдама алды.

Республика чемпионатына жолдама алды.

Жақында Атырау қаласы, «Геолог» спорт кешенінде 2003-2004 жылы туылған жасөспірімдер және 2001-2002 жылы туылған жастар арасында самбо күресінен облыстық іріктеу біріншілігі өткен еді.

Ел чемпионатына іріктеу болып табылатын додаға Махамбет балалар жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері де қатысып, жоғары деңгейде өнер көрсетті.

Аталған жарыста жасөспірімдер арасында 58 кг салмақ дәрежесінде Бисен Жігер ІІорынды, 88 кг салмақ дәрежесінде Бақтыгерей Бекзат Іорынды жеңіп, наурыз айында Қызылорда қаласы, жасөспірімдер арасында өтетін Қазақстан Республикасы чемпионатына жолдама алды.

Сонымен қатар жастар арасында 53кг салмақ дәрежесінде Казиев Шапагат ІІІ орын, ал 71кг салмақ дәрежесінде Балабаев Алишер І орынды жеңіп, сәуір айында Семей қаласында жастар арасында өтетін Қазақстан Республикасы чемпионатына жолдама алды.

Жаттықтырушылары Садуақас Тәжбентай, Амангелді Маменов, Асет Қабенов.

Спортшыларға сәттілік тілейміз!

«Жайық-Ақпарат»

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521