Тоғызқұмалақтан жүлдегер атанды

Астана қаласының 20 жылдығына байланысты Ақтөбе қаласында 27-29 шілдеде «Ұлы дала рухы» ұлттық спорт түрлерінен республикалық фестиваль өткен-ді.

Оған Атырау облыстық құрама командасымен қатар ауданымыздан Д.Төленов атындағы мектеп-гимназия оқушысы А.Есенжан қатысып, жүлделі 1 орынды жеңіп алды. Жүлдегердің жаттықтырушысы Гүлжан Маженова. Жалпы командалық есеппен Атырау қаласы 1 орынға ие болды. Енді Айдина Есенжан қыркүйек айында Астана қаласында өтетін республикалық фестивальға қатысуға жолдама алды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT