Астана қаласының 20 жылдығына және Махамбет ауданының 90 жылдығына арналған ауыл ардагерлері арасында шахмат, дойбы, тоғызқұмалақтан жарыс өтті.
2018 жылдың 27-ші шілде күні Астана қаласының 20 жылдығына және Махамбет ауданының 90 жылдығына арналған ауыл ардагерлері арасында шахмат, дойбы, тоғызқұмалақтан жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа аудан әкімі Жардемғали Бахуұлы қатынасып, ардагерлермен сұхбаттасты. Жарысқа қатынасушы ардагерлерге жеңіс тілеп, лебізін білдірді. Жарыс қорытындысымен ардагерлер кеңесінің төрағасы Жылқайдар Сұлтанов ризашылығын білдіріп, жеңімпаздарды марапаттады.
А.ТЕКЕБАЙ.