Махамбет балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде 2003-2004 жылдары туылған мектеп оқушылары арасында ұлттық спортымыз тоғызқұмалақтан жарыс болып өтті.
Бұл жарысқа Индер, Махамбет, Жылыой, Мақат, Исатай аудандарынан және Атырау қаласынан барлығы 6 команда қатынасқан еді. Жалпы командалық есепте I орын - Индер ауданына, II орын - Махамбет ауданына, III орын - Атырау қаласына бұйырды. Атап айтсақ, Махамбет ауданынан Аяна Ержан, Айдина Есенжандар (Д.Төленов мектеп-гимназиясы), Диас Жексенбай (Қ.Ахмедияров орта мектебі), Ералхан Сәкенбай (Қ.Ахмедияров орта мектебі), Жансая Бауыржан (Д.Төленов мектеп-гимназисы), Нұраида Бауыржанқызы (Д.Төленов мектеп- гимназиясы), Нұрайна Нұрбекқызы (Қ.Ахмедияров орта мектебі) қатысып, жақсы нәтиже көрсетті. Жаттықтырушылары Г.Маженова және Е.Алтыбаев.
Б.СҮЙЕУОВА.