Үстел теннисі-елімізде кең таралған ойындардың қатарында тұр.
Спорттық қозғалыс ойындары ретінде материалдық шығынды жаттығу кезінде, спорттық жарыстарда аса көп орынды талап етпейді. Ойын кезінде жоғары қозғалыс белсенділігімен ерекшелене отырып, адамның бойына жылдамдық, шапшаңдық, ептілік, қимылды дұрыс басқарушылық, зейінділік арттыру, көзбен мөлшерлеу, тез шешім қабылдап, ойлау қабілеттерін қалыптастырады. Жалпы үстел теннисі өте қызықты, жан-жақты әр жастағы адамдар үшін қол жетерлік ойын. Тұңғыш Президент күніне орай спорткешенде Жастар ресурстық орталығы мен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі бірлесіп, үстел теннисінен сайыс ұйымдастырған болатын. Сайыс қорытындысында М.Қайрошев жүлделі 1 орын алса, Қ.Торбаев 2 орынды иемденсе, ал 3 орын А.Тасжанға бұйырды. Сонымен қатар С.Қойшығұлов, Ә.Елеукен «Алғыс хатқа» ие болды. Ал Қ.Айтқалиев, Ж.Аманбаева «Үздік ойыншы» атанды.
А.ТЕКЕБАЙ.